Колумбия футболшылары плей-офф кезеңіне жолдама алды
Бразилияда өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатының екінші турында С тобының көшбасышлары Колумбия мен Кот-д'Ивуар кездесті. Бұл ойында Колумбия футболшылары 2:1 есебімен жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне жолдама алды.
Хосе Пекерман шәкірттері есепті екінші таймда ашты. Гол авторы - Джеймс Родригес. Араға бірнеше минут салып Хуан Кинтеро есепті еселей түсті. Кот-д'Ивуар құрамасы Жервиньюдің жекелей шеберлігімен есепті қысқарта алды.
C тобы
Колумбия – Кот-д'Ивуар – 2:1 (0:0).
Голдар: Родригес, 64 (1:0). Кинтеро, 70 (2:0). Жервинью, 73 (2:1).
Колумбия: Оспина, Суньига, Сапата, Йепес, Армеро (Ариас, 72), Куадрадо, Санчес, Агилар (Мехия, 79), Родригес, Ибарбо (Кинтеро, 53), Гутьеррес.
Кот-д`Ивуар: Барри, Орье, Зокора, Бамба, Бока, Тиоте, Туре, Сере (Болли, 73), Жервинью, Бони (Дрогба, 60), Градель (Калу, 67).
Ескерту алғандар: Зокора, 55. Тиоте, 90.
Төрешілер: Уэбб, Малларки, Кэнн (барлығы – Англия).
19 маусым. Бразилиа. Ұлттық стадион.