Германия мен Гана тең түсті
Әлем чемпионаты аясында өткен кездесуде Германия мен Гана футболшылары тең түсті.
Алғашқы голды матчтың 51-минутында неміс командасы соқты. Алайда, екі минуттан кейін ганалықтар есептi теңестiре алды. 64-минутта африкалықтар қақпаға тағы бір доп жіберіп, тiптi алға шықты.
Осыдан кейін Германия құрамасының бас бапкерi Йоахим Лев алаңға Мирослав Клозе мен Бастиан Швайнштайгердi шығарды. Алаңға ендi шыққан Мирослав Клозе бұрыштама добы кезiнде ойын есебін теңестірді - 2:2.
Матч нәтижесі бойынша Гана командасы плей-офф кезеңіне шығу мүмкіндігін сақтап қалды.