Нидерланд құрамасы - В тобының жеңімпазы
В тобында плей-офф жолдамасына алдын ала ие болған Нидерланд мен Чили құрамалары «Арена Коринтианс» стадионында кездесті. Матч 2:0 есебімен аяқталды. Гол авторлары – Лерой Фер мен Мемфис Депай.
Луи ван Гал шәкірттері өз тобындағы барлық ойында жеңіске жетіп, В тобынан бірінші орынмен шықты. Енді Нидерланд құрамасы 1/8 финалда А тобында екінші орын алғанмен кездеседі. Ал Чили құрамасының қарсыласы – А тобының жеңімпазы.
А тобында плей-офф кезеңіне өтуге Бразилия, Хорватия және Мексика құрамалары үмітті.
B тобы
Голландия – Чили – 2:0 (0:0).
Голдар: Фер, 77 (1:0). Депай, 90+2 (2:0).
Голландия: Силлессен, Янмат, Флар, Де Фрай, Блинд, де Йонг, Вайналдум, Снайдер (Фер, 75), Кайт (Конголо, 89), Ленс (Депай, 69), Роббен.
Чили: Браво, Мена, Медель, Хара, Исла, Арангис, Диас, Гутьеррес (Босежур, 46), Сильва (Вальдивия, 70), Варгас (Пинилья, 81), Санчес.
Ескерту алғандар: Сильва, 25. Блинд, 64.
Төрешілер: Гассама (Гамбия), Менкуанде (Камерун), Кабанда (Руанда).
23 маусым. Сан-Паулу. «Арена Коринтианс» стадионы.