Инчхон – Оңтүстік Кореяның «екінші астанасы»
Инчхон – Сеул мен Пусаннан кейінгі Оңтүстік Кореяның үшінші үлкен қаласы. Ол елдің көлік тасымалының күретамыры. Мұнда ең үлкен порт және елдегі ең үлкен әуежай орналасқан.
ХХІ ғасырда қала халықаралық бизнес орталығына айналды. Корея Республикасындағы ең биік ғимарат (305 метр) - Northeast Asia Trade Tower-де Инчхонда орналасқан. Сондай-ақ, қала еркін экономикалық аймақ дәрежесін алды.
Инчхонды тұрғындар «Кореяның екінші астанасы» деп те атайды. Қала 8 ауданға, 2 уезге бөлінген. Олар: Пупхёнгу, Тонгу, Кеянгу, Чунгу, Намгу, Намдонгу, Согу, Ёнсугу және Канхвагун уезі, Онджингун уезі;
Біздің анықтама:
Аймақ: Судоквон
Георгафиялық координаттары: 37°27′50″ оңтүстік ендік, 126°38′55″ шығыс бойлық
Аумағы: 964,53 шаршы шақырым
Халқының саны: 2 миллион 728 мыңнан астам
Танымал тұлғалары: Ким Рё Ук (әнші, актер), Ким Нам Иль (футболшы), Чо Ён Хён (футболшы)
Телефон коды: +82 32
Ресми сайты: www.english.incheon.go.kr/index.do