Инчхон-2014. Азия ойындарына ескек есуден ел намысын 17 спортшы қорғайды
XVII Жазғы Азия ойындарында байдарка және каноэде ескек есуден ел намысын 17 спортшы қорғайды.
Алексей Дергунов пен Евгений Алексеев (байдарка-екілік) – Әлем Кубогы кезеңінің күміс жүлдегерлері.
Инна Клинова (байдарка) – Азия чемпионы-2013, Азия чемпионатының күміс жүлдегері – 2013, Әлем Кубогы кезеңдерінің күміс және қола жүлдегері-2014.
Дәулет Сұлтанбеков, Андрей Ергучев, Илья Голендов, Александр Емельянов (байдарка-төрттік)
Сергей Емельянов (каноэ) – жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы-2013, Дүниежүзілік Универсиаданың күміс жүлдегері-2013, Әлем Кубогы кезеңінің қола жүлдегері-2013.
Наталья Сергеева және Ирина Подойникова (байдарка-екілік)
Михаил және Тимофей Емельяновтар (каноэ-екілік)
Сергей Токарницкий және Юрий Березенцев, екеуі де байдаркада есуден ел намысын қорғамақ.
18 жастағы Зоя Ананченко мен Кристина Абсинская, сонымен қатар, 16 жастағы Екатерина Кальтенбергер. Олар Ирина Подойниковамен бірге байдарка-төрттікте сынға түседі.
sk-sport.kz