Инчхон – 2014. Қазақстандық теннисшілер командалық сайыста ширек финалға жолдама алды
Бүгін Азия ойындары бәсекесінде теннисшілер де жарыс жолына шықты. Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы айналымда Моңғолия құрамасын 3:0 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алды.
Жекелей бәсеке:
Камила Керімбаева – Джаргал Алтансарнай — 6:0, 6:2.
Ярослава Шведова – Эрденесурен Эрденебат — 6:1, 6:0.
Жұптық бәсеке:
Камила Керімбаева/Юлия Путинцева – Джаргал Алтансарнай/Эрденесурен Эрденебат — 6:1, 6:3.
Қазақстандық теннисшілер 22-ші қыркүйек күні теннисшілеріміз Үндістан құрамасымен кездеседі.