Инчхон-2014. Дзюдошы Ленария Меңғазова финалға берілетін жолдамаға таласады
Қазақстандық дзюдошы Ленария Меңғазова Инчхчон өтіп жатқан Азия ойындарындағы алғашқы белдесуінде Макао өкілі Чи Ленг Вонгты 110:0 есебімен айқын ұтты.
Ал ширек финалда Моңғолия палуаны Цолмон Адиясамбуудан айласын асырып, жартылай финалға шықты.
Ленария Меңғазова енді финалға берілетін жолдама үшін Түркіменстан қызы Гүлбадам Бабамұратовамен таласқа түседі.