Қазақстандық семсерлесушілер ширек финалға шыға алмады
Инчхонда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында семсерлесу бойынша Қазақстан атынан жекелей сында Тамара Почекутова мен Юлия Живица бақ сынады.
Юлия Живица топтық турнирде төрт кездесудің екеуінде жеңіске жетті. Ширек финалда қытайлық Фей Лиге 12:15 есебімен есе жіберді.
Тамара Почекутова 1/4 финалда кореялық Райин Лиге 9:15 есебімен ұтылды.
Қазақстандық тағы бір семсерлесуші Дмитрий Алексанин топтық раундта 5 кездесудің төртеуінде жеңіске жетіп, 1/8 финалда Вьетнам спортшысы Нхат Тьен Нгуенге 14:15 есебімен жол берді.
Топтық кездесудің біреуінде жеңіске жеткен Эльмир Әлімжанов вьетнамдық Нгуенге 7:8 есебімен ұтылып, жартылай финалға шыға алмады.