Инчхон-2014. Қазақстандық спортшылар оқпен атудан командалық жарыста 4-ші орынды иеленді
Азия ойындарында ерлер арасында 10 метр қашықтықтан пневматикалық пистолеттен оқ ату жарысы аяқталды.
Ең үздік нәтиже көрсеткен Оңтүстік Корея спортшылары Ченчжыон Ким, Джонго Джин мен Даемьюнг Ли Азия чемпиондары атанды. Күміс медальді қытайлық Вей Панга, Кифей Пу және Чживей Ванга еншіледі. Үндістандық Джиту Раи, Самареш Джунг пен Пракаш Папанна Нанджаппа жарыстың қола жүлдегері атанды.
Ал, қазақстандық Рашид Юнусметов, Вячеслав Подлесный мен Владимир Исаченкоға үшінші орынға бір ұпай жетпей, төртінші орынға тұрақтады.
Оқпен ату. Ерлер. Командалық жарыс. Пневматикалық пистолет. 10 метр. Азия ойындары. Инчхон (Оңтүстік Корея)
1. Оңтүстік Корея — 1744
2. Қытай — 1743
3. Үндістан — 1743
4. Қазақстан — 1742.
Фото: knews.kg