Инчхон-2014. Қазақстандық Жанетт Бауман ат спортының финалына өтті
Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында ат спорты жарыстары жалғасын тапты.
Іріктеу кезеңінде Оңтүстік Корея Юнгшик Хван «Фурстойбер» атымен жеңіске жетті.
Қазақстандық Жанетт Бауман «V-Power» атты жылқымен 17-ші орынға ие болып, келесі кезеңге өтті.
Біздің еліміздің қалған споршылары Сергей Буйкевия (Исповедник) 25-ші, ал Наталья Юркевич (Дон-Петро) 27-ші нәтиже көрсетіп, келесі кезеңге өте алмады.