Инчхон-2014. 21 қыркүйек. Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы қорытындысы
Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында қазақстандықтар жарыстың 15 түріне қатысты.
Баскетбол мен теннистен ерлер, гандбол мен су добынан әйелдер құрамасы жеңіске жетті. Кешегі волейболшы қыздарымыз сияқты, бүгін де ерлер құрамасы Азия ойындарын жеңіліспен бастады.
Семсерлесудің сабля түрінен қатысқан Ералы Тілешов ширек финалға дейін жетті.
Александр Тарабрин 100 метр қашықтықтағы арқамен жүзу жарысында 5-ші орын алды.
Ауыр атлетикадан қатысқан Азамат Рымқұлов (62 келі) пен спортты гимнастикадан ерлер құрамасы жарысты 9-шы аяқтады.
Ерлер стендтік атудан командалық жарыста 8-ші орынды иеленді.
Төрт велотрекші командалық із қуалай жарысында 4-ші орынға ие болды.
Академиялық ескек есуде әйелдер төрттігі мен ерлер жұбы финалға өтті. Ал жеңіл салмақтағы ерлер төрттігі мен жекелей сайыста қатысқан Георгий Феклистов іріктеуде аса алмады.
У-шу спортшысы Нұрсұлтан Тұрсынқұлов (75 келіге дейін) ширек финалға өтті.
Ат спортының өкілі Жанетт Бауман жекелей жарыста финалдық бәсекеге жолдама алды.
Қола жүлдеге пневматикалық пистолетпен оқ атудан ерлер құрамасы мен жекелей сында қатысқан Рашид Юнусметов, 4-ші орынға тұрақтады.
Пневматикалық пистолеттен 50 метр қашықтықтан оқ атудан командалық жарыста ерлер құрамасы 8-ші орын алса, әйелдер құрамасы 10 метр қашықтықта 10-шы орын алды. Пневматикалық оқ атудан жекелей сында ешкім финалға өте алған жоқ.
Дзюдошы Әзиз Қалқаманұлы (81 келіге дейін) мен Дастан Ықыбаев (73 келіге дейін) «қола» үшін тартысты белдесуде есе жіберіп, 5-ші орын алды.
Қазақстанның бүгінгі күнгі алғашқы медалін, яғни қола жүлдені стендтік оқ атудың трап түрінен жекелей сында қатысқан Андрей Могилевский әкелді.
Оның жолын жалғастырған дзюдошы қызымыз Мариан Ордабаева да (63 келіге дейін) Азия ойындарының «қоласын» иемденді.
Ал ауыр атлетші Зульфия Чиншанло серпе көтеруде әлемдік рекорд қойып, елімізге күміс медаль әкелді.
Медаль кестесі:
1. Оңтүстік Корея — 31 (12, 10, 9)
2. Қытай — 32 (12, 9, 11)
3. Жапония — 26 (7, 8, 11)
4. Моңғолия — 8 (2, 2, 4)
5. Қазақстан — 8 (2, 1, 5).
Ичнхонда өтіп жатқан Азия ойындарында (19 қыркүйек – 4 қазан) Қазақстан құрамасының медальдарі:
«Алтын» (2): Маргарита Елисеева (ауыр атлетика), Елдос Сметов (дзюдо);
«Күміс» (1): Зульфия Чиншанло (ауыр атлетика);
«Қола» (5): Александра мен Екатерина Немич (синхронды жүзу), Андрей Могилевский (стендтік оқ ату), Ленария Меңғазова, Азамат Мұқанов, Мариан Ордабаева (барлығы — дзюдо).