Инчхон-2014. Семсерлесу сайысында Юрий Бидарев іріктеуден аса алмады
Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында семсерлесудің рапира түрінен ерлер жарысы басталды. Қазақстандық Юрий Бидарев топтық кезеңде 1 рет жеңіске жетіп, 3 рет ұтылды.
Осылайша 1/16 финалға шығып, филиппиндік Вилфред Рихард Куриосоға тартысты жекпе-жекте 14:15 есебімен жеңіліп қалды.
Фото: спортшының ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасынан