Қазақстандық велошабандозы Алексей Луценко («Астана» командасы) Олимпиадаға қатыспайтын болды
Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко («Астана» командасы) Олимпиадаға қатыспайтын болды.
Ол Францияда өтіп жатқан жаттығулардың бірінде автокөлікке соғылып жарақат алды, - деп хабарлайды команданың баспасөз қызметі.
Енді Алексей Луценконың орнын құрамадағы Андрей Зейц алмастырады деп күтілуде.
Сонымен қатар, теннистен ел намысын қорғайтын Юлия Путинцева мен Михаил Кукушкин де жарақаттарына байланысты Олимпиада ойындарынан тыс қалады.