Инчхон-2014. Александр Ким ауыр атлетка жарысында В тобының жеңімпазы атанды
Инчхондағы Азия ойындарында ауыр атлетикадан ерлер арасында 69 келіге дейін салмақ дәрежесіндегі «В» тобының сайсы аяқталды.
Қазақстандық Александр Ким жұлқа және серпеде 297 келі көтеріп, В тобында 1-ші орын алды. Ал «А» тобындағы жарыстар Астана уақытымен сағат 16:00-де өтеді.
Ауыр атлетика. Ерлер. 69 келіге дейін. «В» тобы. Азия ойындары. Инчхон (Оңтүстік Корея)
1. Александр Ким (Қазақстан) — 297 (136+161)
2. Мохсен Хуссаин (Сауд Арабиясы) — 277 (127+150)
3. Камал Адхикари (Непал) — 265 (115+150).