Инчхон-2014. Қазақстандық семсерлесушілер қола жүлдені иеленді

Бүгін Оңтүсік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында семсерлесуден финалдық бәсекелер басталды. Бұл спорттың сабля түрінен сапында Тамара Почекутова, Татьяна Приходько, Диана Паманша және Юлия Живица бар Қазақстан әйелдер құрамасы командалық жарыста жартылай финалға дейін жетіп, онда Қытай спортшыларынан 27:45 есебімен жеңіліп, Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алды. Бұл қазақстандық спортшылардың XVII Жазғы Азия ойындарындағы алтыншы «қоласы». Айта кетейік, қазақстандық қыздар Индонезия спортшыларынан 45:31 есебімен ұтып, жартылай финлға шыққан еді. Бұл бәсекедегі екінші қола жүлдені Гонгконг спортшылары иеленді. Олар финалға берілетін жолдама үшін таласта Оңтүстік Корея спортшыларынан 19:45 есебімен ұтылды. Фото: yahoo.com

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды