Олимпиадаға қатысатын спортшыларымызды қолдау мақсатында «Үздік жанкүйер» атты байқау жарияланды
«Таңшолпан» бағдарламасы Рио-2016 Олимпиадасына қатысатын спортшыларымызды қолдау мақсатында «Үздік жанкүйер» атты байқау жариялайды.
Оған еліміздің 16 жастан асқан кез-келген азаматы қатыса алады. Байқау шарты бойынша қатысушы өзі жанкүйер болатын спортшысына қолдау білдіріп, түрлі спорттық жаттығулар жасауы қажет, сондай-ақ, спорттық әдіс-тәсілдерін видеоға түсіріп, «Таңшолпан» бағдарламасына жолдауы тиіс.
Қатысушының жолдаған бейнетүсіріліміне арнайы жаттықтырушы төрелік ететін болады. Байқау қорытындысы 22 тамызда шығарылады.
Алғашқы қатысушыны бүгінгі бағдарламадан көре аласыздар.