Инчхон-2014. Қазақстандық семсерлесушілер командалық жарыста Қытай құрамасын ұтып, жартылай финалға шықты
Оңтүстік Кореяның Инхчон қаласында семсерлесудің сабля түрінен ерлер арасындағы бәсекелердің ширек финалы аяқталды.
Бұл сында Қазақстан құрамасы Қытай спортшыларын 44:40 есебімен ұтып, жартылай финалға жолдама алды.
Ұлттық құрама намысын Элмир Әлімжанов, Руслан Құрбанов және Дмитрий Алексанин қорғады.
Айта кетейік, 1/8 айналымда қазақстандық семсерлесушілер Макао құрамасын 45:26 есебімен ұтқан еді.
Жартылай финалдағы қарсылас – Жапония құрамасы.
Фото: zimbio.com