Инчхон-2014. Екатерина Руденко суға жүзуден Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді
Қазақстандық суға жүзуші Екатерина Руденко Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан 50 метр қашықтыққа арқамен жүзуден Азия ойындарының күміс медалін жеңіп алды.
Ол іріктеу кезеңінде екінші нәтижені көрсетіп финалға шыққан еді. Шешуші сайыста мәреге қытайлық Фу Юаньхуэйтен 0,38 секунд кейін келді.
Үздік үштікке Жапониялық спортшы Миюке Такемуре ілінді. Бұл қазақстандық жүзушілердің Инчхондағы Азия ойындарындағы алғашқы жүлдесі.