Инчхон-2014. Суға жүзуден қазақстандық Дмитрий Баландин Азия рекордын жаңартып, «алтын» алды
Қазақстандық суға жүзуші Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуден Азия чемпионы атанды. Оның үстіне ол құрлықтың жаңа рекордын орнатты.
Дмитрий Баландин іріктеу кезеңінде ең үздік нәтижені көрсетті. Ал финалдық сайыста өз көрсеткішін жақсарта алды.
Ол бұл қашықтықты 2:07,67 минутта жүзіп шықты. Екінші орынға ие болған жапониялық Кадзуки Кохината бір жарым секундқа қалып қойды. Үшінші орын тағы бір Жапония спортшысы Ясухиро Косекиге бұйырды.
Фото: AFP