У-шу. Қазақстандық Ришат Ливеншо Азиаданың «алтынына» таласады
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында у-шу-сеньда бәсекелерінің жартылай финалдық жекпе-жектері аяқталды.
65 келі салмақта қазақстандық Ришат Ливеншо Түркіменстандық спортшы Салахеддин Байрамовты жеңіп, финалға жолдама алды. Ол шешуші жекпе-жекте ирандық Мохсенои Мохаммадсеифимен кездеседі.
Финалдық бәсеке ертең өтеді.