Инчхон-2014. Қазақстандық спортшылар жұптық ескек есуден «күміс» иеленді
Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында академиялық ескек есуден медальдар сарапқа салынды.
Жарыстың бұл түрінде қытайлық Цинли Дуан мен Ян Лью 1-ші орын алды. Ал қазақстандық Мария Васильева мен Светлана Германович жұбы Азия ойындарының күміс медалін иеленді. Таиланд елінің спортшылары Родджана Раклао және Пхуттаракса Нигри Вртн 3-ші орынға тұрақтады.
Академиялық ескек есу. Әйелдер. Жұптық. Инчхон (Оңтүстік Корея)
1. Цинли Дуан, Ян Лью (Қытай) — 7:33,23
2. Мария Васильева, Светлана Германович (Қазақстан) — +13,48
3. Родджана Раклао, Пхуттаракса Нигри Вртн (Таиланд) — +25,55.
Фото: zimbio.com.