Инчхон-2014. Ольга Довгун – 8 орында
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласындағы Жазғы Азия ойындарында 50 метр қашықтықта винтовкадан жатып атудан әйелдер арасындағы жекелей сайыстың нәтижесі анықталды.
Моңғолия мергені Нарантуя Чулуунбадрах алтын медаль иегері атынды. «Күміс» пен «қоланы» малайзиялық Нур Сурьяни Бинти Мохамед мен Оңтүстік Корея өкілі Битна Юм бөлісті.
Қазақстандық Ольга Довгун сегізінші орыннан көрінсе, Елизавета Лунина — 15-ші, Александра Малиновская 38-ші орынға тұрақтады.
Оқ ату. Азия ойындары. Инчхон (Оңтүстік Корея)
Әйелдер. Винтовка. Жатып ату. 50 м.
1. Нарантуя Чулуунбадрах (Моңғолия) — 624,1
2. Нур Сурьяни Бинти Мохамед Таиби (Малайзия) — 620,6
3. Битна Юм (Оңтүстік Корея) — 620,6
8. Ольга Довгун (Қазақстан) — 619,1
15. Елизавета Лунина(Қазақстан) — 616,6
38. Александра Малиновская (Қазақстан) — 607,8.