Инчхон-2014. Қазақстандық Ольга Довгун нысана көздеуден Азия ойындарының чемпионы атанды
Бүгін Азия ойындарында әйелдер арасында 50 метр қашықтықта үш орында тұрып нысана көздеуден жүлделер жиынтығы сарапқа салынды.
Бұл сайыста қазақстандық Ольга Довгун Азия ойындарының чемпионы атанды. «Күміс» пен «қоланы» кореялық Мира Джонг пен «қытайлық» Йин Чан бөлісті.
Оқ ату. Азия ойындары. Инчхон (Оңтүстік Корея)
Әйелдер. Үш орында нысана көздеу. 50 м.
1. Ольга Довгун (Қазақстан) — 456,4
2. Мира Джонг (Оңтүстік Корея) — 455,5
3. Йин Чан (Қытай) — 446,2.
Фото: zimbio.com