Қазақстандық триатлоншылар аралас эстафетада бесінші орыннан көрінді
Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында триатлоннан аралас эстафеталық жарыс аяқталды.
Азия ойындарының алтын жүлдесін Жапония спортшылары жеңіп алды, жарыс қожайындары – Оңтүстік Корея күміс медальға ие болды. Қола медаль – Қытай төрттігінде.
Қазақстандық құраманың сапында Темирлан Теміров, Каролина Соловьева, Валентин Мещеряков және Оксана Грот жеңімпаздан 7 минут қалып қойып, мәреге 5-ші келді. Жарысқа 12 құрама қатысты.
Триатлон. Азия ойындары. Инчхон (Оңтүстік Корея),
Аралас эстафета.
1. Жапония — 1:17:28
2. Оңтүстік Корея — +1:11
3. Қытай — +1:48
5. Қазақстан — +6:55.
Фото: www.gettyimages.ae