Велошабандоз Алексей Луценко Қазақстан қоржынына 9-шы «алтынды» салды
Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Инчхонда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарының жеңімпазы атанды.
Ол жекелей сында 42 шақырым қашықтықты 50 минут 28 секундта жүріп өтті.
Екінші орында - қырғыз спортшысы Евгений Ваккер. Үшінші орында – Иран өкілі Хоссейн Аскари.
Алексей Луценко - жастар арасындағы Әлем чемпионы, «Астана» велокомандасының мүшесі.
Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында – 9 алтын медаль, 9 күміс, 17 қола жүлде бар. Ел спортшылары жалпы есепте 4-ші орында келеді.
Фото: astanafans.com