Қазақстандық Ангелина Мищук стендтік оқ атудан алтыншы орынды иеленді
Инчхонда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында стендтік оқ атудан әйелдер арасында бәсеке аяқталды. Бұл сайыста қазақстандық Ангелина Мищук алтыншы орыннан көрінді.
Ал, іріктеу турнирінде Элвира Акчурина мен Жәния Айдарханова 15-ші және 17-ші орынды иеленген болатын.
Стендтік оқ ату. Әйелдер.
1. Минджи Ким (Оңтүстік Корея).
2. Хен Чжан (Қытай).
3. Суттия Дживчалоеммит (Таиланд).
6. Ангелина Мищук (Қазақстан).
Фото: sport-moskvich.ru