Инчхон-2014. Қазақстандықтар байдарка мен каноэ есуден финалға жолдама алды
Бүгін Инчхондағы Жазғы Азия ойындарында байдарка мен каноэ есуден Жазғы Азия ойындарының іріктеу ойындары өтті.
Қазақстан құрамасы түрлі қашықтықта үздік нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды.
Байдарка есуден жекелей сында Инна Клинова (200 метр), Наталья Сергеева (500 метр) Юрий Березинцев (1000 метр), байдаркамен жұптық ескек есуде Алексей Дергунов пен Евгений Алексеев (1000 метр), Наталья Сергеева мен Ириной Подойникова (500 метр), байдарка-төрттік - Илья Галендов, Дәулет Сұлтанбеков, Андрей Ергучев, Александр Емельянов (1000 метр) барлық жарыстарында алдыңғы орында келді.
Алексей Дергунов пен Евгений Алексеев 200 метрге байдаркамен жұптық ескек есуде екінші келді.
200 және 1000 метрде каноэмен есуде жекелей сында Сергей Емельянов екінші және үшінші нәтиже көрсетіп, финалға жолдама алды.
Максим мен Тимофей Емельяновтар каноэмен 1000 метр қашықтыққа жұптық есуде алдыңғы орында шығып, финалға жолдама алды.