Су добы. Қазақстан құрамасы Сингапур спортшыларын жеңді
Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында ерлер арасында су добы жарыстарының топтық кезеңі аяқталды.
«А» тобындағы соңғы ойында қазақстандық спортшылар Сингапур құрамасын 20:9 (7:0, 4:2, 4:4, 5:3) есебімен ұтты.
Қазақстан құрамасында ең көп голды тағы да Бранко Пекович салды.
Енді біздің құрама 30-шы қыркүйекте жартылай финалда ойнайды. Әзірге қарсылас белгісіз.