Алаңда – Қазақстан Ұлттық құрамасы (ВИДЕО)
Еліміздің Туын таэквондошы Руслан Жапаров ұстап шықты. Спортшыларымызбен бірге алаңда ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсабеков, дзюдодан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Ермек Иманбеков бар. Байрақты додада ел намысын 26 спорт түрі бойынша жалпы саны 104 спортшы қорғайды. Жарыс жолына шығатын қыз-жігіттерімізге сәттілік тілейміз!