Гандбол. Қазақстандық қыздар Азия ойындарының қола жүлдесі үшін ойнайды
Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында әйелдер арасында гандболдан жартылай финалдық ойындар өтті.
Қазақстан құрамасы алаңа иелері Оңтүстік Корея елінің спортшыларымен ойнап, 30:41 есебімен есе жіберді. Қазақстан сапынан ең көп гол соққан – Ирина Александрова.
Енді қазақстандық спортшылар қола медаль үшін 1-ші қазанда Қытай немесе Жапония спортшыларымен ойнайды.
Фото: om-saratov.ru