Жеңіл атлетика. Ольга Сафронова Қазақстанның 20-шы «қоласын» ұтып алды
Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында қазақстандық спортшылар жеңіл атлетика сайыстарына қатысты.
Әйелдер арасында 100 метр қашықтыққа жүгіру бәсекесінде қытайлық Йонли Вей (11,48 секунд) 1-ші орын алды. Күміс медальді жапониялық Тисато Фукусима (11,49) алса, қазақстандық Ольга Сафронова (11,50) Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Біздің тағы бір спортшы Виктория Зябкина (11,68) мәре сызығын 4-ші кесті.
Енді Қазақстанның қоржынында барлығы – 40 медаль (9-11-20).