Бокс. Иван Дычко алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа түсірді
Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында ерлер арасында бокс жекпе-жектері жалғасты.
91 келіден жоғары салмақ дәрежесінде ширек финалда жұдырықтасқан Иван Дычко моңғолиялық Энхбаяр Батмункхті бірінші раунда нокаутқа түсіріп, жартылай финалға шықты.
Енді қазақстандық боксшы 2-ші қазан күні финалға өту үшін үндістандық Кумар Сатишпен жұдырықтасады.
Фото: Данияр Майлыбаев