Инчхон-2014. Рыпакова – чемпион, Эктова – қола жүлдегер

Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында жеңіл атлетика жарыстары өтті. Үш қарғып секіруден Лондон Олимпиадасының чемпионы, қазақстандық Ольга Рыпакова жеңімпаз атанды. Ол ең үздік мүмкіндігінде 14 метр және 32 сантиметрді көрсетті. Бұл көрсеткіштен қарсыластары аса алған жоқ. Ольга Рыпакова осымен екінші рет Азия ойындарының алтын жүлдесін иеленіп отыр. Ол бұған дейін Гуанчжоуда өткен додада топ жарған еді. Бұл бәсекеде сынға түскен тағы бір қазақстандық Ирина Эктова соңғы мүмкіндікті сәтті пайдаланып, қола жүлдені жеңіп алды. Ал, күміс медаль өзбек спортшысы Александра Котляроваға бұйырды. Айта кетейік, бүгін жеңіл атлетика бәсекесінде қазақстандық екі желаяқ Маргарита Мұқашева мен Ольга Сафронова «алтын» алған еді. Фото: zimbio.com

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан құрамасы футболдан Әлем чемпионатының жеребе тарту рәсімінде J тобына жайғасты
Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
«Астана» «Челсиге» есе жіберді
Қазақстандық ауыр атлет Әлем чемпионы атанды
Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды