Инчхон-2014. Гүлжанат Жанатбек марафон жарысында 11-ші орынды иеленді
Бүгін Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында әйелдер арасында марафон жарысы өтті.
Бұл бәсекед Бахрейн спортшысы Эунис Джепкируй Кирва топ жарды. Оның уақыты - 2:25:37. Мәреге екінші болып жапониялық Риоко Кизаки жетті. Үздік үштікті тағы бір Бахрейн желаяғы Лишан Дула Гемгчу түйіндеді.
22 жастағы қазақстандық Гүлжанат Жанатбек жеке рекордын жаңартып, мәре сызығын 11-ші кесті. Оның нәтижесі - 2:40:45.