Қазақстандық мерген Елизавета Король винтовкадан оқ атудан Олимпиада ойындарының ақтық сынына шыға алмады
Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Жазғы Олимпиада ойындарында 10 метрден пневматикалық винтовкадан оқ ату бәсекесінің іріктеу кезеңі өтті.
Аталған жарыс түрінен Қазақстан намысын Елизавета Король қорғаған болатын. Қазақстандық спортшы 410,6 ұпай жинап, іріктеу кезеңінде 37-орынға тұрақтады.
Бұл көрсеткіш Е.Корольдің ақтық сынға жолдама алуына мүмкіндік бермеді. Айта кетсек, аталған бәсекенің финалдық кезеңінде 8 мерген өнер көрсетеді. Соның ішінде іріктеу кезеңінде Олимпиада рекордын жаңартқан (420,7) қытайлық Ду Лив те бар.