Каратэ. Андрей Ақтауов – Азия ойындарының чемпионы!
Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында каратэ жарыстары жалғасты.
54 келіге дейін салмақта қазақстандық Андрей Ақтауов финалдық жекпе-жекте Сауд Арабиясының спортшысы Абдулла Имубарак әл Харбиді жеңіп, Азия ойындарының жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, Андрей Ақтауов 2011 жылы Гуанчжоуда өткен Азия чемпионатында топ жарған еді.
Енді Қазақстан Ұлттық құрамасының қоржынында барлығы 72 медаль бар.
Фото: aktobekarate.com