Данияр Елеусінов Қазақстан тарихында тұңғыш рет Азиаданың екі дүркін чемпионы атанды
Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында ерлер арасында бокстан финалдық жекпе-жектер аяқталды.
Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов Қазақстан тарихында тұңғыш рет Азия ойындарының екі дүркін чемпионы атанды, деп хабарлайды еліміздің Бокс федерациясы.
Айта кетейік, Инчхондағы Азия ойындарының финалында ол бүгін өзбекстандық боксшы Исраил Мадримовпен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Есеп - 3:0 (30:27, 30:27, 30:27).