Бокстан Азия ойындарының алтыншы «алтынын» Иван Дычко жеңіп алды
Инчхондағы Азия ойындарында ерлер арасында бокстан финалдық жекпе-жектер аяқталды.
Соңғы жекпе-жекте аса ауыр салмақта (+91 келі) қазақстандық Иван Дычко Иран боксшысы Хасем Делваримен жұдырықтасты.
Үш раундқа созылған жекпе-жекте Иван 3:0 (30:26; 29:28; 30:27) есебімен басым түсіп, Азия ойындарының чемпионы атанды.
Ерлер бәсекесінде қазақстандық боксшылар 6 «алтын», 1 «күміс» пен 1 «қола» иеленді.
Фото: Данияр Майлыбаев