Жәнібек Әлімханұлы – Азия ойындарының жеңімпазы
Бүгін Инчхондағы Азия ойындарында ерлер арасында бокстан финалдық жекпе-жектер басталды.
75 келі салмақта қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы иорданиялық Адель әл Хиндавимен жұдырықтасып, жеңіске жетті. Есеп 3:0 (30:26; 30:26; 30:26)
Енді шаршы алаңға Әділбек Ниязымбетов, Антон Пинчук және Иван Дычко шығады.
Бұл - Қазақстан қоржынындағы 24-ші алтын медаль.
Айта кетейік, финалдық жекпе-жектерді «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.