Қазақстан Азия ойындарында 84 медаль жеңіп алды
Бүгін XVII Жазғы Азия ойындары аяқталды. 19-шы қыркүйек пен 4-ші қазан аралығында Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында құрлықтың 45 елінен келген спортшылар, спорттың 36 түрі бойынша 439 медаль жиынтығын сарапқа салған.
Қазақстан Ұлттық құрамасы бұл сында жалпы саны 84 жүлде, оның 28-і «алтын», 23-і «күміс» және 33 «қола» ұтып, жалпы есепте 4 орынды иеленді. Осылайша біздің Ұлттық құрама алтын медаль саны бойынша Азия
ойындарындағы ең үздік нәтижесін көрсетті. Бұған дейінгі рекорд 1994 жылы Жапонияның Хиросима қаласында өткен XII Жазғы Азия ойындарында тіркелген еді. Онда біздің спортшылар 25 алтын жүлде (жалпы 77 медаль) иеленген еді.
Ал, медальдардың жалпы саны бойынша Қазақстан ең жоғары нәтижені Катардың Доха қаласында өткен XV Жазғы Азия ойындарында көрсетті. Қазақстандық спортшылар 85 медаль иеленген болатын.
151 алтын медаль ұтқан Қытай спортшылары топ бастаса, екінші сатыға 79 «алтыны» бар Оңтүстік Корея орналасты. Үздік үштікті 47 алтын жүлдемен Жапония түйіндеді.
Қазақ спортшыларының Инчхонда өткен Азия ойындарындағы медаль алған спортшылары (19-қыркүйек - 4-қазан):
Алтын» (28): Маргарита Елисеева (ауыр атлетика), Елдос Сметов (дзюдо), траптан қыздар командасы (стендтік ату ), Дмитрий Баландин — 3 (жүзу), ерлер командасы (теннис), Ольга Довгун (ату), Алексей Луценко (велоспорт), ерлер құрамасы (жағажай волейболы), Евгений Алексеев және Алексей Дергунов, Михаил және Тимофей Емельяновтар, Наталья Сергеева және Ирина Подойникова, Инна Клинова (бәрі — байдарка және каноэ), ерлер құрамасы (су добы), Маргарита Мукашева, Ольга Сафронова, Ольга Рыпакова (бәрі — жеңіл атлетика), Нұрмахан Тінәлиев ( грек-рим күресі), Андрей Ақтауов, Гузаль Гафурова (екеуіде — каратэ), Ілияс Сулейменов, Данияр Елеусінов, Жәнібек Әлімханұлы, Әділбек Ниязымбетов, Антон Пинчук, Иван Дычко (бәрі — бокс);
«Күміс» (23): Зульфия Чиншанло, Алмас Өтешов, Мария Грабовецкая (ауыр атлетика), Максим Раков және ерлер құрамасы (дзюдо), Екатерина Руденко — 2 (жүзу), Светлана Германович және Мария Васильева (академиялық ескек есу), Ришат Ливеншо (ушу), Расул Қалиев, Гюзель Манюрова, Есболат Нұржұмбаев, Дәулет Шабанбай (бәрі — еркін күрес), Наталья Сергеева, Сергей Емельянов, Евгений Алексеев және Алексей Дергунов (бәрі — ескек есу, байдарка және каноэ), Жайна Шекербекова, Біржан Жақыпов (екеуі де — бокс), әйелдер құрамасы 4×400 м (жеңіл атлетика), Ринат Сағындықов, Сабина Захарова (екеуі де — карате), Нұрсұлтан Мамаев (таэквондо), Екатерина Хуповец (карате);
«Қола» (33): Александра және Екатерина Немич, әйелдер құрамасы (синхронды жүзу), Андрей Могилевский (стендтік ату), Бақтияр Ыбраев, әйелдер құрамасы, ерлер құрамасы — 2 (бәрі — ату), Ленария Мингазова, Азамат Мұқанов, Мариян Ордабаева (бәрі — дзюдо), әйелдер құрамасы, ерлер құрамасы (екеуіде — семсерлесу), әйелдер құрамасы (теннис), Нұрсұлтан Тұрсынқұлов (у-шу), Екатерина Артемьева және Виктория Чепикова, ерлер төрттігі (бәрі — академиялық ескек есу), әйелдер құрамасы (су добы), Татьяна Аманжол, Мамед Ибрагимов (еркін күрес), Ольга Сафронова, Ирина Эктова (екеуіде — жеңіл атлетика), әйелдер төрттігі, Юрий Березинцев (бәрі — ескек есу байдарка және каноэ), Алмат Кебіспаев, Досжан Қартықов (екеуіде — грек-рим күресі), Марина Вольнова (бокс), әйелдер құрамасы (гандбол), көркем гимнастикалық команда (гимнастика), әйелдер құрамасы (регби), Қайрат Сарымсақов (таэквондо), Қайрат Ералиев(бокс), Халид Халидов (каратэ).
Фото: Никита Басов