Инчхон-2014: Пара-Азия ойындарына 84 спортшы аттанады
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында 18 қазанда Пара-Азия Ойындары ашылады. Ал, 16 қазанда Қазақстан Республикасының Көк Туы көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Ұлттық құрамасының 84 спортшысы спорттың 9 түрі бойынша Азия Ойындарына қатысады.
Олар - жебе ату, атлетика, дзюдо, пауэрлифтинг, оқпен ату, жүзу, үстел теннисі, волейбол және арбада билеу.
Құрамаға Павлодар, Қызылорда, Алматы, Ақмола, Жамбыл, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Қарағанды облыстарынан, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларынан спортшылары ілінген.
Олар Инчхонға 13 қазан күні аттанады.