Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин Рио Олимпиадасының жартылай финалына шықты (ВИДЕО)
100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден квалификациялық кезеңде отандасымыз 9-орынды иеленіп, үздік 16 жүзгіштің қатарынан көрінді.
Айта кетсек, осы кезеңде британдық Адам Пити әлем және Олимпиада рекордын жаңартты.