Инчхон-2014. Қазақстандық жүзушілер эстафеталық жарыста чемпион атанды
Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Азияның Пара ойындарында қазақстандық жүзушілер еркін стильдегі 4 х 10 эстафеталық жарысында жеңімпаз атанды.
Финалдық бәсекеде қазақстандық спортшылар Таиланд құрамасымен жарысты. Жеңімпаздардың қатарында Әнуар Ахметов, Бекжан Есіркепов, Әлібек Уақпаев және Андрей Афанасьев болды.
Бұл - Әнуар Ахметовтің бесінші алтын жүлдесі. Ол бұған дейін, жекелей және эстафеталық жарыстарда топ жарған еді.
Сонымен қатар, Әнуар Ахметов таңғы бағдарламада қола жүлде жеңіп алды. Ол 100 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен жүузде үшінші орыннан көрінді.
Жүзу спортынан тағы бір қола жүлдені Оксана Митякова иеленді.
100 метр қашықтықта жүгірген желаяқ Аманат Қалқаев та ел қоржынына қола медаль салды.
Пара ойындарының аяқталуына соңғы күн қалғанда Қазақстан Ұлттық құрамасы жалпыкомандалық есепте 11-ші орында тұр. Ел қоржынында 7 алтын, 6 күміс және 11 қола медаль бар. Барлығы – 24 жүлде. Айта кетейік, барлық алтын медальді жүзушілер иеленді. Ойындар 24 қазанда аяқталады.
Фото: vesti.kz