Светлана Германович академиялық ескек есуден іріктеу кезеңінде 29-орынға табан тіреді
Қазақстандық спортшы Светлана Германович Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының ширекфиналына шыға алмады.
Академиялық ескек есуден жекелей сында өнер көрсететін бұрымдымыз іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша 9 минут 34.15 секунд көрсеткішімен 29-орынға табан тіреді.
Өз кезегінде ширек финалға үздік 18 спортшы жолдама алды. Үздік көрсеткіш мексикалық Кения Лечуга Аланистің еншісіне жазылды (8:11.44).