Маргарита Елисеева ауыр атлетика бойынша 5-орынға тұрақтады (ВИДЕО)

Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан қазақстандық спортшы Маргарита Елисеева бақ сынады. «А» тобында 48 келіге дейінгі салмақ санатында жарысқа шыққан зілтеміршіміз жұлқа көтеруде үш мүмкіндіктің тек біреуін ғана еңсерді. Осылайша, алғашқы жаттығуда отандасымыз 80 келімен шектелді. Алдымен 80 келіге тапсырыс берген Маргарита оны оңай көтерді. Алайда, соңғы 2 сында 84 келіге тапсырыс берген ол зілтемірді ырқына көндіре алмады. Ал, серпе көтеруде 24 жастағы зілтеміршіміз бірінші мүмкіндікте 103 келі салмақты бағындырды. Екінші мүмкіндікте 106 келі салмақты қазақстандық спортшы көтере алмағанымен, соңғы мүмкіндікте зілтемір оның ырқына көнді. Осылайша, екі сайыстың қорытындысы бойынша Маргарита 186 келі (80+106) салмақты бағындырып, 5-орынға тұрақтады.

Танымал жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар

Ел мерейін асқақтатқан спортшылар
Қазақстандық қыздар Азия чемпионатында бес алтын еншіледі
Қазақстан құрамасынан 14 спортшы Азия чемпионатының финалына шықты
Шавкат Рахмонов мансабындағы 19-жеңісіне қол жеткізді
Шавкат Рахмонов пен Иэн Гэрри көз түйістірді
Бокстан Азия чемпионаты «Qazsport» телеарнасына қатысы жоқ себептерге байланысты көрсетілмейтін болды
КФФ президенттігіне үміткерлердің есімдері белгілі болды
Бокс: Алуа Балқыбекова сырқатына байланысты жарысқа қатыса алмайды
Бейбарыс Жексен өзбекстандық боксшыдан басым түсті
Бокс: Оразбек Асылқұлов қарсыласын мерзімінен бұрын жеңді
Азия чемпионаты: Дулат Бекбауов ширек финалда
Шаңғы жарысы: Финляндиядағы Әлем Кубогына қатысатын ел құрамасы жасақталды
Руслан Құрбанов семсерлесуден Әлем кубогында қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шахматшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы аяқталды
Қазақстандық балуандар Оңтүстік Кореяда өткен турнирде алты жүлдеге ие болды
Түркістанда қазақ күресінен Әлем кубогы өтіп жатыр
Қазақстан құрамасы семсерлесуден қола медаль жеңіп алды
Қазақстандық шорт-трекшілер Италияда өткен турнирде екі алтын жеңіп алды
Михаил Шайдоров Қытайда мәнерлеп сырғанаудан күміс медаль жеңіп алды