«Севилья» өз алаңында «Валенсияны» 2:1 есебімен жеңді
Футболдан Испания чемпионатының 13-ші туры аясында андалусиялық «Севилья» өз алаңында «Валенсияны» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
Ойынның бірінші таймында командалар өте аз шабуылдап, қорғанысқа көп көңіл бөлді.
Екінші таймда шабуылын қарымта шабуылдардың бірінде оң қапталмен допты алға сүйреген «Севилья» футболшысы Витоло қарсылас қақпасына қарай допты көтереді. «Валенсияның» қорғаушысы Гарай абайсызда бұл допты өз қақпасына бағыттап есепті ашады (53 ') - 1:0.
Есепті теңестіруді көздеген валенсиялықтар шабуылды күшейте түседі. Сол бір шабуылдардың бірінде «Валенсия» сапындағы каталониялық «Барселона» түлегі Мунир Эль-Хаддади командаласының сәтті пасын пайдаланып, есепті теңестіріп кетеді (65') - 1:1.
Ойынның 75-ші минутында бұрыштамадан көтерілген допты валенсиялықтар қайтарады. Бірақ, доп қарсылас команда өкілі Николас Пареха допқа бірінші болып жетіп, 16 метр қашықтықтан допты әлсіздеу бағыттағанына қарамастан, бұл соққы голға айналды - 2:1.
Естеріңізге сала кетейік, «Севилья» - «Валенсия» кездесуін көрсеткен «Kazsport» телеарнасы.