Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин финалда
Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин Рио Олимпиадасында брасс әдісімен жүзу жарысының финалына шықты.
Жартылай финалда 100 метрге брасс әдісімен жүзген үш дүркін Азия ойындарының жеңімпазы Дмитрий Баландин 59,45 секунд нәтиже көрсетіп, жалпы есепте сегізінші орынға қол жеткізді.
Естеріңізге сала кетейік, финалды «Қазақстан» телеарнасы 8 тамыз күні Астана уақыты бойынша 06:55-те тікелей эфирде көрсетеді.