«Гранада» «Севильяны» жеңіп, сенсация жасады
Бүгін футболдан Испания чемпионатының 14-ші туры аясында андалусиялық «Севилья» сырт алаңда «Гранада» клубымен ойнады. Кездесу «Гранаданың» «Севильяны» 2:1 есебімен жеңіп, сенсация жасауымен аяқталды.
Бірінші таймды екі команда да шабуылдап гол салу мақсатында бастады. Бірақ, Хорхе Сампаоли жігіттерінің ойында үстемдік етуі анық көрінгенімен, есепті гранадалықтар ашты (27’). «Манчестер Юнайтедтен» жалға алынған Андреас Перейра оң қапталдан өрбіген тамаша шабуылды дәл соққымен аяқтады – 1:0.
Екінші таймда тартысты ойынға куә болдық. Алаңның сол қапталымен гранадалықтар қауіпті шабуыл жасап, севильялықтардың қақпашысы Серхио Риконың шеберлігі арқасын тек қана бұрыштама добын орындауға мүмкіндік алды. Стандартты «Гранада» ойыншылары сәтті орындады (56’), гол авторы - қорғаушы Давид Ломбан – 2:0.
Алаң иелері қақпа алдында ойын ережесін бұзып, севильялықтар матч соңындағы минуттарда пенальти тебу құқығына ие болды. 11-метрлік айып добын Бен Йеддер дәл орындап, есеп айырмасын қысқартты - 2:1. Бірақ, бұл гол «Севильяны» жеңілістен құтқармады.
Естеріңізге сала кетейік, «Гранада» - «Севилья» кездесуін көрсеткен «Kazsport» телеарнасы.