Қазақстандық зілтемірші Арли Чонтей Олимпиада ойындарында 4 орынды иеленді (ВИДЕО)
56 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін зілтеміршіміздің алғашқы жаттығудағы үздік көрсеткіші – 130 келі салмақ болды. Нәтижесінде серпе көтеру қорытындысы бойынша отандасымыз 5-орынға табан тіреді. Ал жұлқа көтеруде Арли Чонтей алдымен 148 келіні оңай бағындарғанымен, соңғы екі мүмкіндігінде 153, 154 келі батпан темірді көтере алмады. Осылайша, қоссайыстың қорытындысы бойынша, (130+148) 278 келі салмақпен 4-орынды иеленді.