Дмитрий Баландин спорттық мансабындағы алғашқы Олимпиада ойындарында 8-орынды иеленді (ВИДЕО)
Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында 100 метрге брасс әдісімен жүзуде 8-орынды иеленді.
Енді Баландин Бразилия елінде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден бақ сынайды. Қазақстандық көрермендер оны 9 тамыз күні «Қазақстан» телеарнасынан тамашалай алады.
Айта кетсек, бұл 21 жастағы отандасымыз қатысып жатқан алғашқы Олимпиада ойындары. Алматы қаласы тумасының қоржынында Азиада-2014 пен Универсиада-2015 жарыстарының алтын медальдары бар.